Астанада конкурдан Challenge Cup финалы басталды
Астанада ат спортынан ірі халықаралық турнирлер өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Елордада әлем кубогының кезеңі, Challenge Cup финалы, сондай-ақ, CDI1/CDI3 санатындағы жарыстар өтеді. Аталған додалардың барлығы Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) күнтізбесіне енгізілген.
Бәсекеге Бразилия, Колумбия, Үндістан, Марокко, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Мысыр, Эквадор, Ресей, Өзбекстан және өзге де елдердің спортшылары қатысады.
Жарыс бағдарламасына конкур мен атпен мәнерлеп жүру сайыстары енген.
31 мамырға дейін жалғасатын бұл турнирлер 2026 жылы Германияның Ахен қаласында өтетін FEI әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.
Еске сала кетейік, Астанада алғаш рет боччадан әлем кубогының кезеңі өтеді.