Жамбыл облысында 5 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскелерінің пайдаланылу барысына талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесінде, «К» ЖШС-не 2023 жылы берілген ауыл шаруашылығы жері өз мақсатына сай қолданылмағаны анықталды.
Аудан прокуратурасының қадағалау шараларының нәтижесінде кадастрлық құны 27,9 миллион теңгеден асатын 4 995 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бүгінде бұл жерлер Камқалы ауылдық округінің тұрғындарына мал жайылымы ретінде пайдалануға берілді.
Ұқсас жаңалықтар

20 қыркүйек, 2025
Кәсіпқой бокс: жеңіс немесе ақша

20 қыркүйек, 2025
Заңсыз активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады – Берік Асылов

19 қыркүйек, 2025
Мемлекет меншігіне 13,7 млн гектар жер қайтарылды

19 қыркүйек, 2025
Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру талқыланды