00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қызылордада жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді

20 қараша, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қызылордада жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сыр өңірінде Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасынан туындаған жоспар 2022-2023 жылы 63 пайызға артығымен орындалып, 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысы биыл Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай аймақтың еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлау үшін Мамандықтар атласы әзірленіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, тау-кен, техникалық-технологиялық, IT салаларына қажетті кадрлар даярланады.

 

«2024 жылдың 10 айында 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бұл жоспар жыл аяғына дейін толығымен орындалады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы аясында биыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында еліміздегі алғашқы жасанды интеллект институты ашылды. Онда киберқауіпсіздік, информатика және ақпараттық жүйелер мамандары Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті әзірлеген бағдарламалар бойынша оқытылады», - деді аймақ басшысы.