Еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі болжанды


Қазгидромет бүгін еліміздің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі барын болжап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында,орталығында, Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Сонымен қатар Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай оңтүстігінде,облысының, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар деп болжанды.
Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі күтілуде.