Қазақстанда орташа жалақы 448 мың теңге – Ұлттық статистика бюросы

2025 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2024 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 448 620 теңгені құрады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың II тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Астана қаласында – 15,4%-ға, Алматы қаласында – 15,3%-ға, Алматы облысында – 14,6%-ға және Қарағанды облысында – 14,0%-ды құрады.
2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 24,0 есе, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%-ға, өнер, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 16,1%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 11,3%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 16,9%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 15,4%-ға.
2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, қаржы және сақтандыру қызметі – 8,7%-ға, білім беру және денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 7,8%-ға және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында– 3,3%-ға байқалды.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 2,1 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,0 есе, кәсіби, ақпарат және байланыста – 1,8, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,4 есе жоғары болып тіркелді.



