Қазақстан ұлттық құрамасы Кюрасаомен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: kff.kz
Бұл ойын Анталияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Матч бүгін Қазақстан уақытымен сағат 21:30-да басталады.
Екі тараптың келісімімен кездесу жабық форматта өтеді. Тек ойын нәтижесі жарияланады.
Кюрасао – Солтүстік Америкада орналасқан кішкентай ғана арал. Бұл елде небәрі 150 000 адам ғана тұрады.
Кюрасао ұлттық құрамасы сапында Рангело Янга ойнайды. Шабуылшы «Астана» футбол клубының сапында 2018-2020 жылдары екі маусым өнер көрсетті. Ол елордалық команда сапында 40 ойында 10 гол соқты.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды

15 қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

15 қыркүйек, 2025
Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ спорт нысаны ашылды

15 қыркүйек, 2025
«Көз тиді ме?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды