00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маңғыстау облысында онкологиялық науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмеген

Маңғыстау облысында онкологиялық науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмеген
фото: Оңалхан Өнерхан

Маңғыстау облысының прокуратурасы онкологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу тәртібінің заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қолданыстағы заңнама талаптарына қарамастан, 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын 661 адамның мүгедектікті ресімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылғаны анықталды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, осылайша, емдеуші дәрігерлер көрсетілген науқастарға қатысты, кейбіреулері бес жылдан астам «Д» есебінде тұрған, мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша жұмыстар атқарылмаған.

«Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Бүгінгі күні заң бұзушылықтар жойылды, Денсаулық сақтау басқармасы аталған тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу жұмыстарын жүргізуде. Бұл процесс облыс прокуратурасының бақылауында»,- деп жазылған хабарламада.