Қазақстандық саперлер Голан жоталарында 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды

Бүгін, 14:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық саперлер Голан жоталарында 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды. Сонымен қатар 1 800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды.

Инженерлік-саперлік топтың кәсіби шеберлігі, іс-қимылдарының үйлесімділігі және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы саперлерге қойылған міндеттерді орындап, жауапкершілік аймағындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.