Астананың Сарыарқа ауданы аумағында есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
Астананың Сарыарқа ауданы аумағында наркограффитиді бояу акциясын өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорданың Сарыарқа ауданы прокуратурасына сілтеме жасап.
«Заң және тәртіп» идеологиясын, «Zhastarмен» жобасын іске асыру аясында Сарыарқа ауданының аумағында есірткіні насихаттайтын жазбалар мен бейнелерді анықтау және оларды бояп өшіру бойынша бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Оған прокуратура, полиция және аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ волонтерлер қатысты.

Акция барысында анықталған жазбалар бояп өшірілді. Іс-шара есірткі құралдарының таралуының алдын алуға, құқық бұзушылықтардың профилактикасына, сондай-ақ санитариялық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Сарыарқа ауданының прокуратурасы тұрғындарды бей-жай қарамауға және граффити салғанедарды байқап қалса фактіні құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
