Екі шенеунік салмағы нормадан асқан жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне мүмкіндік жасаған

Екі шенеунік салмағы нормадан асқан жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне мүмкіндік жасаған
Фото: ҚазАвтоЖол

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметі

Тамызда ұсталғандар жүктері рұқсат етілген салмақ нормасынан асып кеткен көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз етті деп күдіктеліп отыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес бұлар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған.

Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Қазір тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, биыл «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының автоматтатты өлшеу станциялары салмағы 200 тоннадан асқан 1 мыңға жуық көлікті анықтады.