Алматы облысында зооқорғаушы Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс 7 қазанда қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, қолға түсті.
«Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ұсталған адамның аталған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полицияда.
Айта кетейік, Алматы облысының Полиция департаменті басшылығы тарапынан тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмеді.
Еске салсақ, елордада тұрақта тұрған жеңіл автокөлік өртенді.