Ақмола облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

30 қаңтар, 2025
Торғын Аман Торғын Аман
Ақмола облысында елік атқан браконьерлер ұсталды
фото: polisia.kz

Ақмола облысында 3 елікті заңсыз атып алғандар ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Зеренді ауданында 29 қаңтарда түнгі сағат 02:00 шамасында ВАЗ-21015 автокөлігін тоқтатты. Көлікте 33 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы болған. Олардың бірі бұған дейін Қылмыстық кодекстің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан үш еліктің ұшасы табылды.

Осы уақытта полиция қызметкерлері 31 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Toyota Camry автокөлігін де тоқтатты. Оның салонынан 12-калибрлі бір оқпанды мылтық пен оқ-дәрілер анықталды.

Тергеу-жедел іс-шаралары барысында күдіктілердің түнгі уақытта Бәйтерек ауылы маңында үш елікті атқаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген жабайы жануарлардың өлексесі сараптамаға жіберілді.