Астаналықтар қазақ тілін тегін үйрене алады

15 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналықтар қазақ тілін тегін үйрене алады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ ересектерге арналған қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастырып жатыр. Өтініштерді қабылдау мамыр айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақ тілін үйренгісі келетін 18 жастан асқан кез келген азамат тегін курсқа қатыса алады.

Өтініштер 19-31 мамыр аралығында қабылданады.

Курстар 3 маусымда офлайн форматта басталады.

Сабақтар мына мекенжайлар бойынша өткізіледі:

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, «Руханият» КММ;

Астана қаласы, Р.Қошқарбаев көшесі, 50;

Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 52, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

Өтініштерді қабылдау мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинет.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 24 90 52, +7 (707) 497 7143.