Астанада балалар ауруханасының ұжымына Конституциялық реформаның маңызды аспектілері түсіндірілді
3 наурыз, 2026
Фото: №3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасы
№3 қалалық көпбейінді балалар ауруханада AMANAT партиясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жиында Астана қаласы әкімдігі Қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры, AMANAT партиясының мүшесі Қуаныш Алтынбеков медицина қызметкерлеріне Конституциялық реформа жобасының маңызды аспектілерін түсіндірді.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасында қарастырылған денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері талқыланып, медициналық қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – денсаулық сақтау саласының басты басымдықтарының бірі екені атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Ауыл мен шалғай өңірлерде медициналық көмек қолжетімді бола түседі
9 мамыр, 2026
Пациентке бағдарланған тәсіл: АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсетудің маңызы
8 мамыр, 2026
1 қыркүйектен бастап мектеп медицинасы жаңа форматқа өтеді
7 мамыр, 2026
Қазақстанда алғаш рет торакальдық хирургияда жаңа аз инвазивті әдіс қолданылды