Елордадағы балалар ауруханасында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Бүгін, 14:12
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордадағы балалар ауруханасында жаңа Конституция жобасы талқыланды
Фото: №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында конституциялық реформаларды талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шараға VII шақырылған елордалық мәслихат депутаты Владислав Сергеев, қоғам қайраткері, AMANAT партиясының белсендісі Фарида Даримова, AMANAT партиясының Астана қаласы Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Ақтайлақова қатысты.  

№1 көпбейінді қалалық ауруханасының директоры Ербол Сәрсенбаев әділеттілік, ашықтық және есеп беру принциптерін нығайтуға бағытталған негізгі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында азаматтардың шешім қабылдаудағы рөлін кеңейту, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қозғалды. Өңірлік деңгейдегі реформаларды іске асырудағы мәслихаттардың рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар конституциялық өзгерістердің азаматтардың күнделікті өміріне және ұйымдардың қызметіне қалай әсер ететінін талқылады. 

Мұндай диалогтар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етпек. 

Еске салайық, бұған дейін конституциялық реформа аясында UMC дәрігерлерімен кездесу өткенін жаздық.