Щучинскіде жарылыс болған дәмханасының иесі қамауға алынды

Щучинскіде жарылыс болған дәмханасының иесі қамауға алынды
Фото: freepik.com

Щучинск қаласындағы көп адам зардап шеккен дәмхана өртіне қатысты қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Щучинск қаласындағы «Plov Center» дәмханасындағы өртке байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 292-бабы 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2026 жылдың 2 наурызында «Plov Center» дәмханасының иесі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды. Қажетті тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынған.

Еске салсақ, 26 ақпанда түнде Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Жарылыстан 28 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. 7 адам қайтыс болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.