Щучинскідегі дәмханада болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, артынан шыққан өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ТЖД-ның ұсынған соңғы мәліметіне сәйкес, оқыс оқиғадан 10 адам құтқарылған. Жарылыстан 28 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды.
Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы медициналық қызметтердің бақылауында.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде жанып жатқан дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллоны шығарылып, ғимарат ішінде жарылыстың қайталануын болдырмады. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.
Ақмола облысы ТЖД жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 51-42-98.
«Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Еске салсақ, Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шыққанынын хабарладық.