Прокуратура Қоянды тұрғындарының шағымы бойынша шара қабылдады
Целиноград ауданының прокуратурасы әлеуметтік шиеленіс ошағын жойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Целиноград ауданының прокуратурасы «Естуші мемлекет» концепциясы аясында Қоянды ауылының тұрғындарын қабылдады. Тұрғындар электр қуатын пайдаланудағы түйткілді айтып, №92 толық трансформаторлық қосалқы станцияның бұрынғы иесінің үстінен шағымданды.
Анықталғандай, трансформаторлық шағын станцияның бұрынғы иесі 2020 жылдан 2023 жылға дейін Ақмола тарату электр желі компаниясына берешегі 6,3 млн теңгеге жеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта мүліктік залал келтіргені үшін оған қатысты қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.
Еске сала кетсек, Астанада «Qyran» тұрғын үйіндегі пәтерлерді екі рет сатқандар ісі сотқа жолданды.