Астанада «Qyran» тұрғын үйіндегі пәтерлерді екі рет сатқандар ісі сотқа жолданды
Құрылыс компаниясының қызметкерлері «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы азаматтарды алдағаны анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қызметкерлер «International Invest Company IIC» ЖШС-ның атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сатамыз деп жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсеткені анықталды. Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған.
«Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шартын, кепілге беру туралы келісімді, алдын ала шарттарды ресімдеген. Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шотына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған.
Компания қызметкерлері қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 8 млрд теңгеден астам шығын келтірілген», делінген хабарламда.
Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 млрд теңге жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды. Үш күдікті қамауға алынды, төртіншісіне кепіл төледі. Қылмыстық іс қарау үшін сотқа жіберілді.