Header Banner

Төрт агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылды

Төрт агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Тұтынушылардың құқығы қорғауға бағытталған қадағалау барысында коллекторлық агенттіктердің қызметіне тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. 

Мекеменің мәліметінше, борышкерлермен өзара іс- қимыл кезінде жосықсыз әрекеттер жасауға қатысты жүйелі фактілер анықталды. Осыған байланысты агенттіктің 16 қарашадағы бұйрықтары негізінде төмендегі коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тасталды:

1. «Seven» коллекторлық агенттігі» ЖШС;

2. «iCollect» коллекторлық агенттігі» ЖШС;

3. «Каз Инвест Коллекшн» коллекторлық агенттігі» ЖШС;

4. «Табыс» коллекторлық агенттігі» ЖШС (№43 бұйрық).

Тізілімнен шығару көрсетілген ұйымдарды коллекторлық қызметті жүзеге асыру құқығынан айырады.

Аталған компаниялар осы хабарламаны алған күннен бастап 5 күн ішінде бұл туралы кредиторлар, борышкерлер мен сенімгерлік басқару шарттары жасалған адамдарды хабардар етуге тиіс. 

30 күн ішінде өз атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, коллекторлық қызметті жүзеге асыруды білдіретін сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.

Агенттіктің мәлімдеуінше, осындай бұзушылықты уақтылы анықтау және заңда көзделген ықпал ету шарасын қолдану арқылы коллекторлық агенттіктердің қызметін қадағалауды жүзеге асыра бермек.