Header Banner

ШҚО-да қар көшкіні қаупі күшейді: туристерге сақтық шараларын сақтау ескертілді

Бүгін, 13:36
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ШҚО-да қар көшкіні қаупі күшейді: туристерге сақтық шараларын сақтау ескертілді
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

15 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі кезеңі басталды. Облыс республикадағы қар көшкіні қаупі жоғары өңірлердің бірі болғандықтан, төтеншеліктер бұл кезеңдерде сақтық шараларын назарда ұстауды ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін аймаққа 93 шақырым жол, сондай-ақ туристік және шаңғы базалары кіреді. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, демалыс және мереке күндері бұл демалыс орындарында үш мыңнан астам адам болады.

Ауа райына байланысты қар көшкіні болуы ықтималдығын ескерген құтқарушылар тауға шығар алдында ауа райы болжамын тексеруге кеңес береді. Егер 112 қызметі дауылды ескерту жарияласа, ТЖД мамандары қар көшкіні жүру қаупі бар бағыттардан аулақ болуға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Бурятиядағы қар көшкіні кезінде Қазақстан азаматы көз жұмғаны туралы жаздық.