Бурятиядағы қар көшкіні кезінде Қазақстан азаматы көз жұмды
Бурятиядағы «Ирокинда» кенішінде болған қар көшкіні салдарынан қаза тапқан алты адамның бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан 28 сәуірде алынған ресми ақпаратқа сәйкес, Бурятия Республикасының Муй ауданында, Ирокинда елдімекенінен 13 шақырым жерде қар көшкіні салдарынан Қазақстан азаматы А.Тицкийдің (1990 жылы туған) қаза тапқанын растайды.
Қолда бар мәліметке сәйкес, қар көшкіні астында алты адам қалған.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тікелей байланыста. Аталған мәселе министрліктің бақылауында», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінен.