Header Banner

Жамбылдық ұрланған үйір жылқының жетеуін сойып сатқан

Жамбылдық ұрланған үйір жылқының жетеуін сойып сатқан
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 16 бас жылқыны ұрлап айдап әкеткен 44 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz police.kz сілтеме жасап. 

Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды.

Оқиға Т.Рысқұлов ауданындағы құмды жайылымда болған. Ер адам жайылып жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденуді ұйғарған. Атымен барып, үйір жылқыны айдап әкеткен.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мал иесіне 24 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

Еске салсақ, Екібастұз өңірінде 40 шақты қой-ешкі ұрлаған бір топ адам ұсталды.