Header Banner

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты екі еседен астам өсті

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты екі еседен астам өсті
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Екі жыл ішінде Қазақстанның IT-қызметтер экспорты екі еседен астам өсіп, 1$1,1 млрд-тан асты. Оның жартысынан астамын Astana Hub резиденттері қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл тоғыз айда резиденттер 317 млрд теңгеге экспорт жасады. Бұл – шикізат емес экспорт және жаңа жұмыс орындары. Яғни нақты нәтиже. Стартап әр кезеңде қолдау алады: акселерация, қаржы, шетел нарығына шығу», - деді Ростислав Коняшкин.

Astana Hub өңірлік IT-экожүйені дамыту бағытын таңдады. Бүгінде Қазақстанда 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. Оларда 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілген. 

Қазақстан халықаралық инфрақұрылымды да кеңейтіп келеді. Қазіргі таңда АҚШ, Қытай, БАӘ және Малайзияда төрт IT-хаб жұмыс істейді. Олардың бағдарламасынан 61 қазақстандық стартап өтті. Ал 20 қарашада Ұлыбританияда бесінші IT-хабтың ашылуы жоспарланған.

Вице-министр Халықаралық хабтар сыртқы нарықтарға шығу функциясын орындайтынын, әлемдік сараптамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін және сол арқылы отандық IT-компаниялардың экспорт әлеуетін кеңейтетінін атап өтті.

Еске салсақ, Үкімет отырысында мұнай-газ саласындағы сұранысқа ие тауарды елімізде өндіретін 15 жаңа жоба қолға алынғаны айтылды.