Header Banner

Антибиотиктерді рецептсіз сатқан дәріханаларға 8,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды - ДСМ

Бүгін, 11:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Антибиотиктерді рецептсіз сатқан дәріханаларға 8,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды - ДСМ
Фото: ДСМ

2026 жылдың басынан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз сатқаны үшін 38 хаттама толтырды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 8,2 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дәріханаларда рецептісіз сатуға жиі әрекет жасалатын антибиотиктердің қатарында «Азитромицин», «Цефтриаксон», «Цефазолин» және «Ципрофлоксацин» бар.

«Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау бактериялардың дәрілік препараттарға көнбеушілігінің қалыптасуына әкеледі. Соның салдарынан инфекциялық ауруларды емдеу қиындап, антибиотиктердің тиімділігі төмендейді», - делінген хабарламада. 

Осындай препараттардың айналымын бақылауды күшейту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық экономиканы дамыту орталығымен бірлесіп, жоғары тәуекел тобына жататын дәрілік заттарға міндетті электрондық рецепт енгізу жұмыстарын жүргізуде.