Астанада көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге қайта отырған 45 жастағы жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Volvo маркалы жүк көлігін басқарған азаматты тоқтатып, тексеру барысында оның бұрын сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтады.
Аталған дерек бойынша жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктен мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.
Сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Еске салсақ, елімізде жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді.