Елімізде алғаш рет қонақжайлылық және туризм саласы бойынша өңірлік білім беру-өндірістік кластері іске қосылды

Бүгін, 19:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде алғаш рет қонақжайлылық және туризм саласы бойынша өңірлік білім беру-өндірістік кластері іске қосылды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Астанада Сервис және туризм колледжі базасында «Қонақжайлылық және туризм» бойынша өңірлік білім беру-өндірістік кластері ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Кластер құрылымдаудағы мақсат - ерте кәсіптік бағдар беруден бастап мақсатты жұмысқа орналастыруға дейінгі үздіксіз кадр даярлау жүйесін қалыптастыру және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайту.

Жоба аясында мектепке дейінгі ұйымнан бастап мектеп, колледж, жоғары оқу орны және өндіріс арасындағы сабақтастыққа негізделген кешенді модель ұсынылады. Бұл тәсіл еңбек нарығының талаптарына сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Өңірлік кластердің іске қосылуы - дуальды оқытуды дамытуға, білім мен өндіріс интеграциясын күшейтуге және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Еске салайық, бұған дейін жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілгені туралы жаздық.