Тоқаев пен Ердоған шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев пен Ердоған шағын құрамда келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды.

Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды.