Таяу Шығыстағы 946 қазақстандық ұшақпен елге жеткізілді

Таяу Шығыстағы 946 қазақстандық ұшақпен елге жеткізілді
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанға Таяу Шығыс елдерінде жүрген 946 жолаушы қайтарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды.

Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;

KC2208 рейсі Медина-Атырау бағыты бойынша ұшақ сағат 01:19-да қонды, 145 адам;

KC2206 рейсі Жидда-Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;

KC2204 рейсі Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы-Маскат-Алматы бағыты бойынша рейсті орындайды. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасы азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлағана едік.