МӘМС-ке төлейтін табыс шегі артады – министр түсіндіріп берді


Бүгінгі Мәжіліс отырысынан кейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова БАҚ өкілдеріне МӘМС-ке төлейтін табыс шегі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жұмыспен қамтылған азаматтар өзінің айлығының 2 пайызын МӘМС жүйесіне төлеп отыр. 850 мыңға дейін 2 пайыз алынады. 850 мыңнан жоғары жалақы алатын азаматтартар жарнапұлдан босатылып отыр. Мысалы 3 млн алатын азаматымыз тек қана 850 мың теңгенің көлемінен ғана төлейді да оның үстіндегісін төлемейді. Ал біз қазіргі таңда соңы көтеруге ұсыныс білдірдік. Ең төменгі жалақы бүгінгі таңда 85 мың болса соны 40-қа көбейтіңіз. Соның мөлшерінде 2 пайызға дейін үстемақы ұсталынатын болады. Одан жоғарысынан ұсталмайды. Бұл жұмыс беруші үшін. Ал жұмыс істейтін азаматтар үшін негізі 20 еселенген, яғни 85-ті 20-ға көбейтеміз. Сол мөлшерлеме ең жоғары шегінен ғана ұсталынылатын болады, ал одан жоғарысы ұсталынбайды»,- деп түсіндірді министр.