Елордада автобус жүргізушілерімен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін, 09:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада автобус жүргізушілерімен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында елорда прокуратурасының қызметкерлері қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, №1 автобус паркінде түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге автобус паркінің 50-ге жуық қызметкері қатысты.

Автобус жүргізушілеріне нашақорлық пен дропперліктің алдын алу, сондай-ақ жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесу барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, өмірде болған нақты жағдайларға негізделген ситуациялық кейстер талқыланды.

Жолаушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жүргізушілерді рөлде мұқият болуға, ал жолаушыларды қоғамдық көлік жүргізушілерін алаңдатпауға шақырды.

Еске салсақ, Астанада туристік полиция Қытай мен Моңғолиядан келген қонақтарға көмектесті.