00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкімет «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 60,3 млрд теңге бөлді

23 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үкімет «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 60,3 млрд теңге бөлді
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің біріі екенін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.  

Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.

Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті.

Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Үкімет ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда», - деді Олжас Бектенов.