00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ауылдық жерлерде 360-тан астам медициналық нысан салынды

Ауылдық жерлерде 360-тан астам медициналық нысан салынды
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы 361 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биылғы жылы ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылар қатарында Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Қостанай облысы, Абай облысы тұр.

Ал 2023 жылы ауылдық жерлерде 99 МСАК нысанының құрылысы аяқталып, тапсырылған болатын.

Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдық елді мекендерде барлығы 655 МСАК нысанын  салу жоспарланған, оған 257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулаторияны салу кіреді.

Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру мақсатында 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық аурухананың инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ұлттық жоба ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған», - делінген хабарламада.

Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын салу ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің, жүкті әйелдер мен балаларды патронаждаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, диспансерлік науқастарды байқауға, амбулаториялық оңалтуға және медициналық көмектің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.