Жасанды интеллект бойынша 30-ға жуық қазақстандық ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр


Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы арқылы жасанды интеллект бойынша 30-ға жуық қазақстандық ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз конференциясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
«Болашақ» бағдарламасы басталғаннан бері ядролық энергетика бойынша 125 маман оқытылды. Нәтижесінде қазіргі таңда өте жақсы мамандар бар. Мысалы, жақсы мамандардың бірі – Махамбетов, есімін ұмытып отырмын, ол –Пенсильвания университетінің түлегі. Оқуды бітірген соң ол «Қазатомпром» компаниясына жұмысқа орналасты. Былтыр ол президенттің алдында сөз сөйледі. Жасанды интеллект бойынша қазір нақты статистика айта алмаймын. Бірақ жасанды интеллект бойынша мамандарды даярлауға 2024 жылдан бастап ғылыми тағылымдамаларға 100 квота бөлінді. Нәтижесінде былтыр 29 адамнан тұратын алғашқы топ оқуға кетті. Олардың бесеуі магистратураға, ал қалғаны тағылымдамаға. Жалпы, жыл сайын 100 адамнан оқуға жіберіліп тұрады», - деді министр.



