Елордалық балуан Албаниядағы халықаралық турнирде чемпион атанды

Бүгін, 13:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық балуан Албаниядағы халықаралық турнирде чемпион атанды
Фото: olympic.kz

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен рейтингтік турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнирде астаналық балуан Жәмила Бақбергенова (-72 кг) бірінші орын алды.

Жартылай финалда тәжірибелі спортшы үндістандық Дикша Маликті 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші белдесуде қырғызстандық Нұрзат Нұртаевамен кездесіп, қарсыласын бірінші кезеңнің алғашқы жартысында 14:3 есебімен мерзімінен бұрын ұтты.