Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі
Ата заңда отбасы мен неке ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің көрінісі. Бұл туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев жаңа Конституция жобасын талдауға арналған партияаралық дебатта айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жаңа Конституцияда неке, отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында екені нақты көрсетілген. Бұл – отбасы тек әлеуметтік ұғым емес, мемлекеттің қорғауындағы маңызды институт екенін білдіреді.
Сондай-ақ отбасына қатысты кез келген заң мен шешім ең алдымен отбасы мүддесін ескере отырып қабылданады.
Бала құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу нормалары нақтыланды. Мемлекет бала мүддесін бірінші орынға қоюға міндеттеледі.