Header Banner

«Әділет» кандидаттары онкология орталығында: Ерте диагностика мен қала инфрақұрылымы талқыланды

«Әділет» кандидаттары онкология орталығында: Ерте диагностика мен қала инфрақұрылымы талқыланды
Фото: Ұйымдастырушылар

Астанада «Әділет» партиясының кандидаттары Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұжымымен кездесті. Басқосуда аурулардың алдын алу, қатерлі ісікті ерте анықтау, сондай-ақ жаңа шағынаудандардағы жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мен қоғамдық көлік қолжетімділігі мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесуге «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаев, №9 сайлау округінен мәслихат депутаттығына кандидат, «АстанаГражданСтрой» ЖШС бас директоры Александр Слободняк, №11 сайлау округінен кандидат, партияның Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова және Ұлттық ғылыми онкология орталығының басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев қатысты.

Мағжан Қыстаубаев астаналықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру партия бағдарламасындағы басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде елордада орташа өмір сүру ұзақтығы 77 жасқа жеткен. Партия алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 85 жасқа жеткізуді мақсат етіп отыр.

«Бұл мақсатқа сапалы медициналық қызмет көрсету, ауруларды уақтылы анықтау және олардың алдын алу арқылы қол жеткізуге болады. Әр тұрғынның спортпен айналысуына, денсаулығына көңіл бөлуіне және қалада жайлы өмір сүруіне жағдай жасағымыз келеді», – деді Мағжан Қыстаубаев.

Кездесу барысында қала инфрақұрылымын дамыту мәселесі де талқыланды. Александр Слободняк жаңа тұрғын үйлер салынып жатқан аумақтарда көлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын қатар дамыту қажеттігін айтты. Ол Е16 және Е63 көшелерін мысалға келтіріп, бұл аумақтарда қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз өткелдер қажет екенін жеткізді.

«Қала өсіп келеді, алайда кейбір аумақтарда инфрақұрылым тұрғындардың қажеттілігіне ілесе алмай отыр. Жаяу жүргіншілер өткелдері, бағдаршамдар мен бейнебақылау жүйелері қажет жерлер бар. Жаңа тұрғын үйлер салынған аудандарда қоғамдық көлік аялдамалары да тұрғындарға ыңғайлы жерде орналасуы керек», – деді Александр Слободняк.

Партияның Астананы 2026–2031 жылдары дамыту бағдарламасында 360 шақырым қала көшесін жөндеу, 90 шақырым жаңа көше салу және 360 ауланы абаттандыру көзделген. Сонымен қатар бағдарламада қолжетімді баспана, білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту бағыттары қамтылған.

«Әділет» партиясы өз қызметінің негізіне бес құндылықты – әділеттілік, отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресті арқау етеді.

* Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.