Заң мен тәртіп: Алматы ауданының прокуратурасы «Халық заңгері» акциясын ұйымдастырды

Заң мен тәртіп: Алматы ауданының прокуратурасы «Халық заңгері» акциясын ұйымдастырды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Алматы ауданының прокуратурасы «Халық заңгері» атты әлеуметтік акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталған бастама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегіне қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.

Акцияның басты мақсаты – елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ одан әрі талдау мен заңнаманы жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.

Іс-шара жұмысына 30-дан астам мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер мен салалық ұйымдар қатысты. Мамандар аудан тұрғындарына тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасылық заңнама және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді.

Акция елорданың барлық аудандарында өз жұмысын жалғастырып, әрбір тұрғынға білікті заң көмегінің қолжетімді болуын қамтамасыз етуде.