Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 20 қараша күні сағат 17:00-де және 30 қараша күні сағат 19:00-де авторлары А.Молдағали мен Э.Тоқтасынның «Өмірің өз қолыңда!» атты музыкалық драма жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жеті жыл бұрын үйінен кетіп, хабарсыз жоғалған Мұратты туған інісі Ералы ақыры тауып алады. Есірткіге тәуелділіктің шырмауында қалған ағасын аман алып қалу үшін Ералы оны емдеу орталығына әкеледі. Сол жерде Мұрат бір кездері сүйген қызы Жамалмен қайта кездеседі. Өткен күндердің елесі, жақындарының сағынышы мен Жамалға деген сезімі Мұратты өміріне жаңаша қарауға жетелейді.
Бұл қойылым — адасқан адамның өз жолын қайта табуы, туған бауырдың жанашырлығы мен махаббаттың адамға берер күші туралы шығарма.
Қойылым тобы: Қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, қоюшы-балетмейстері – Камила Бузанова, Елдос Оспанов, Ербол Семкулов, режиссері – Еламан Иманбаев, хормейстерлері – Мәдениет саласының үздігі Ғалымжан Берекешов, Әлихан Ыдырысов, жарық қою суретшісі – Асылбек Оспанов, дыбыс режиссерлері – Осман Абайділдә, Даниал Балтабай, режиссерің көмекшісі – Мухамедсаид Бағашаров.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Мұрат – Мақсат Қабдеш, Жамал – Жансұлу Төлеген, Майра Марғұланқызы, Мұрат (жас кезі) – Мухамедсаид Бағашаров, Жамал (жас кезі) – Арелана Амангелді, Ералы – Ілияс Өтетілеу, Жамал – Жансұлу Төлеген, Майра Марғұланқызы, ана – Инабат Ризабекқызы, Аралбек – Ақәділ Иманғали, Махат – Абзал Арапов, бас дәрігер – Айдос Дүйсбай, дәрігер жігіт – Райымбек Әбілғазы, медбике қыз – Аружан Иманғазы, көпшілік сахнада – театр артистері.