Алматы облысында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңа медпункт ашылды
27 ақпан, 2026
Фото: Qonaev Media видеосының скрині
Алматы облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарылған қаражатты әлеуметтік нысандардың құрылысына бағыттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Кеген ауданының Алғабас ауылында заңсыз иеленілген активтерді қайтару жұмыстары аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу рәсіміне Кеген ауданының әкімі мен прокуроры қатысты.
«Медициналық пункт ауылдың шамамен 500 тұрғынына қызмет көрсетуге арналған және алғашқы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады» - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, алдағы үш жылда елордада екі перзентхана пайдалануға берілетінін хабарладық.
Ұқсас жаңалықтар
28 мамыр, 2026
Астанада денсаулық сақтау саласындағы қаражаттың жұмсалуына бақылау күшейтіледі
26 мамыр, 2026
Денсаулық сақтау министрлігі «Өз кәсібінің үздігі – 2026» дәстүрлі байқауының жеңімпаздарын анықтайды
25 мамыр, 2026
Психолог: Адамдарда ішімдік - күйзелісті азайтудың немесе эмоциялық шаршаудан шығудың құралы деген қате түсінік бар
24 мамыр, 2026
Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді