Ұлттық теннис орталығы ITF-тің «Алтын мәртебесіне» ие болды

Ұлттық теннис орталығы ITF-тің «Алтын мәртебесіне» ие болды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Халықаралық теннис федерациясы Астанадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығына ресми түрде Gold Level Recognition мәртебесін берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бұл беделді сертификат Қазақстандағы инфрақұрылым мен спортшыларды даярлау жүйесінің ең жоғары әлемдік стандарттарға сай екенін айғақтайды. Осы «алтын» белгіге әлем бойынша тек 6 мемлекет – Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Канада және Швейцария ғана ие болған еді.

«Ұйым президенті Дэвид Хаггерти бастаған ITF комиссиясының шешімі кешенді бағалау қорытындысы бойынша қабылданды. Онда спортшылардың нәтижелері, оларды дамыту бағдарламасы, жаттықтырушылар құрамының біліктілігі, жарыстардың ұйымдастырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері мен адал ойын принциптерінің, соның ішінде допингке және келісілген матчтарға қарсы іс-қимылдардың сақталуы ескерілді», - деді Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

Федерация мәліметінше, соңғы тоғыз жылда елімізде 39 теннис орталығы салынды, оларда қатты және топырақ төсемі бар 394 корт жұмыс істейді.

Айта кетейік, «алтын мәртебе» төрт жылдық мерзімге – 2030 жылға дейін берілді.

Еске салсақ, елорданың Байқоңыр ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында үстел теннисінен жарыс өтті