Отандық компания ұшақта домбыра алып жүрудің жолдарын атады

Отандық компания ұшақта домбыра алып жүрудің жолдарын атады
Фото: FlyArystan

FlyArystan әуе компаниясы жолаушыларға музыкалық аспаптарды ұшақ бортында алып жүру тәртібін ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, музыкалық аспапты тегін қол жүк ретінде алып жүруге болады, егер салмағы 5 келіден, өлшемі 56×23×36 см-ден аспаса. Бұл жағдайда аспап жолаушының жалғыз қол жүгі болып есептеледі. 2026 жылғы 1 наурыздан бастап тегін қол жүктің салмағы 7 келіге дейін ұлғайтылады.

Сондай-ақ аспапты ақылы қосымша қол жүк ретінде рәсімдеуге болады. Онда өлшемі 110×30×30 см-ден, салмағы 10 келіден аспауы тиіс. Бір рейсте үш аспапқа дейін тасымалдауға рұқсат етіледі, ал бір жолаушы тек бір аспап ала алады.

Егер аспап көлемі нормадан асып кетсе, жолаушы ұшақ салонынан жеке орын сатып ала алады. Бұл қызмет рейске кемінде 24 сағат қалғанда рәсімделуі керек.

Еске сала кетсек, музейде Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды.