Музейде Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды

Музейде Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.  

Экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен аспаптар бар. Сонымен қатар көрмеде сахналық костюмдері де ұсынылды. Әсіресе Майкл Джексоннің жеке стилисі Гоко Залди Димашқа арнайы әзірлеген сахналық киімі көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Димаш Құдайберген музей қорына өзінің жеке екі домбырасын табыстады. Оның бірі – атасы сыйға тартқан бала кезінен серік еткен домбырасы болса, екіншісінде әншінің өз қолтаңбасы бар аспап.

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы музей ұжымының атынан өнер иесіне Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін сыйға тартты.

Еске салсақ, «Астана Опера» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады.