«Астана Опера» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараға театр қызметкерлері, мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатысты. Ұйымда барлығы 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді.
Кездесуде жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдарын және олардың қоғам үшін практикалық маңызы жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер Конституциялық нормалар мәдениеттің стратегиялық маңызын бекітіп, қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, мәдениеттің дамуын ұзақ мерзімді инвестицияға айналдыратынын атап өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар арасында пікір алмасу мәдениетті ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы стратегиялық бағыт ретінде терең түсінуге мүмкіндік берді.