Президент Босния және Герцеговина Төралқа төрағасын құттықтады

Бүгін, 10:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Босния және Герцеговина Төралқа төрағасын құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа төрағасын құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.