Астаналық мерген Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

Бүгін, 08:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық мерген Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан әйелдер арасындағы скит бағдарламасының командалық бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды.

Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Адель Садақбаева, сондай-ақ Әсем Орынбай мен Зоя Пискун өнер көрсетті.

Бұл сында Қытай құрамасы 287 ұпаймен жеңімпаз атанса, Үндістан командасы 266 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Адель Садақбаева Қазақстан құрамасы сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды.