Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл – Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуші Артем Саркисян Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.