Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстерді тоқтатты
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа қатысты 28 ақпандағы барлық рейстердің тоқтатылғанын хабарлады. Ал ұшып кеткен ұшақтар ұшып шыққан әуежайларға оралады немесе Таяу Шығыс аймағына жетпей қонатын болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
28 ақпанда Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мынадай өзгерістер болды:
KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады.
KC899 Алматы-Дубай рейсі - Делиге,
FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты.
Air Astana компаниялар тобы жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешіп жатқанын мәлімдеді. Жолаушылар рейстердің мәртебесін тексергені жөн, себебі межелі әуежайларға ұшу және келу уақытында өзгерістер болуы мүмкін.
«Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызға дейін тегін қайта брондауға немесе қайтаруға рұқсат етіледі», - делінген хабарламада.