Air Astana Таяу Шығыстағы 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды
Рейстердің Таяу Шығыс бағыттарына мәжбүрлі түрде уақытша тоқтатылуына байланысты Air Astana компаниялар тобы өңірде қалып қойған жолаушыларды қолдау мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асырды. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазіргі уақытта әуе компанияның есебінен төмендегі жолаушылар саны қонақүйлерге уақытша орналастырылды:
Доха – 174 жолаушы;
Дели – 231 жолаушы (Алматы – Дубай рейсі);
Дубай – 330 жолаушы.
Форс-мажор жағдайына қарамастан, жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі ойластырылды.
«Әуекомпания Дубай қаласындағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерімен тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Air Astana жолаушылары үшін арнайы тарифтер ұсыну жөнінде келісімге келді», - делінген хабарламада.
Әрі қарай қонақүйде тұру мәселесі туындаған жағдайда, сондай-ақ құқылық және репаториациялық мәселелер бойынша жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің жедел байланыс желілеріне мүмкіндігінше тез уақытта хабарласу керек.
Еске салсақ, бұған дейін Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктердің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерін жариялады.