Астанада тағы да екі Оқушылар сарайы салынады

Астанада тағы да екі Оқушылар сарайы салынады
Фото:  Instagram/jenis_qasymbek

2027 жылы осындай тағы 2 нысан салып, қолданысқа беру жоспарланып отыр. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытып келеміз, оның ішінде жаңа нысандарды салу да бар. Олар – мектептер, балабақшалар, спорт нысандары, студенттік жатақханалар, медициналық мекемелер, оқушылар сарайы және т.б.
Мәселен, биыл біз жеке инвестициялар есебінен тағы екі мемлекеттік Оқушылар сарайын және бір музыкалық мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі.

Нысандар Ақан сері және С189К көшелерінің қиылысы (№106 орта мектептің жанында), М.Төлебаев көшесі (№116 орта мектептің жанында), Сығанақ көшесі, №17/41 (№101 орта мектептің жанында).

«Осыған дейін 3 Оқушылар сарайын салып, пайдалануға бердік. 2027 жылы осындай тағы 2 нысан салып, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін тілшіміз елордада екі ірі перзентхана қай жерге салынып жатқанын жазған еді.